"Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ
Функциялары:
Жоғарғы органдардың директивалық актілерін, қаулыларын, шешімдерін, бұйрықтарын орындау.
Іс-жүргізу бойынша нормативтік құжаттарды жасақтау бойынша бақылауды қамтамассыз ету.
Өз құзіреттілігі шегінде жетекшілік ететін бағыт бойынша мемлекеттік органдарға ақпараттық-аналитикалық материалдар әзірлеу және беру бойынша бақылауды қамтамассыз ету.
Электрондық құжат айналымы жалпы жүйесі жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау.
Басқармаға қарасты мекеме, кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін, кассалық операциялардың есебін, тоқсандық және жылдық есептердің жүргізілуін бақылау және жинақтау.
Басқарманың банкідегі есеп шотына қаржының түсуі бойынша бухгалтерлік есебін жүргізу, кассалық операциялардың есебін, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есебін жасақтау.
Басқармаға қарасты мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарына есепті жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, есептік қызметкерлердің аттестациясын өткізуді ұйымдастыру, жылдық түгендеу өткізуге қатысу.
Басқарманың, оған қарасты мекеме, кәсіпорындардың стратегиялық даму жоспарын құруға қатысу, оның орындалысын қадағалау, жинақтау, талдау жасау.
Облыс бюджетінің орындалысына байланысты басқаратын объектілер бойынша, жұмыстарды уақтылы және сапалы жүзеге асырылуын, бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Басқарманың оған қарасты мекеме, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық есептерінің уақытылы тапсырылуын жүзеге асыру.
Басқармаға қарасты кәсіпорындардың стратегиялық Даму жоспарларының уақытылы және сапалы орындалуын қадағалу.
Тоқсандық, жылдық есептіліктерді электронды бағдарламаларда уақытылы және сапалы орналастырылуын қадағалау.
Басқарманың шаруашылық-қаржылық қызметінің есептілігін, бухгалтерлік есебін, экономикалық жоспарлау жұмысын жүргізу, тауар, жұмыс және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу қызметін жүзеге асыру.
Ақшалай қаражат есебін, тауарлық - материалдық құндылықты, негізгі қаражатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасақтау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
Алғашқы және бухгалтерлік құжаттардың рәсімделу тәртібінің сақталуына, есептемелер мен төлем міндеттемелерінің, жалақы қорының шығысталуының, ұйым қызметкерлерінің жалақысын есептеу, негізгі құралдар, тауар-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттарды түгендеу жүргізілуіне қатысу.
Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарын жасақтау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отыру және жүзеге асыру (қағаз жүзінде және электронды веб-порталда).
Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер туралы мемлекеттік сатып алуды жүргізу (баға ұсыны, бір көзден, конкурс, тікелей келісім шарт жасасу арқылы бір көзден).
Мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарттар жасасумен байланысты жұмыстарды уақтылы және сапалы жүзеге асыру.
«Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысына жүргізеді.
Басқармада дайындалатын нормативтік және нормативтік құқықтық актілерді даярлау, қаулылар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексеру, мемлекеттік тіркеуге жататын шешімдерді, қаулыларды анықтап, анықтама-негіздеме дайындау, нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптамадан өткізу және мемлекеттік тіркеу үшін қалалық әділет басқармасына жолдау және тиісті нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау жұмыстарын қадағалайды.
Басқарма бойынша ұйымдастырылатын іс-шараларды уақытылы өтуін қамтамасыз ету.
Басқарма бойынша кадрлық және заңгер қызметінің тарапынан жүргізілуге тиісті іс жүргізу құжаттарын уақытылы орындалысын жүзеге асырады.
Кадрлар құжаттарын жасақтау, кадрлар құжаттарын арнайы тексеруге жолдау, кадрлардың міндеттеме алуын, кадрлардың еңбек кітапшаларын жүргізу, кадрлардың мемлекеттік қызмет стажын белгілеу комиссиясы жұмысын жүргізу, теріс қылықтарымен қызметтен босаған, тәртіптік жаза алған қызметкерлер жөнінде тиісті орындарға хабарлау, мемлекеттік наградаларға ұсыну құжаттарын дайындау.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту бойынша жылдық жоспарын жасақтайды.
Әскери міндетті қызметкерлерін есепке алу. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүргізеді.
Басқарманың бұйрықтарын тіркеуді жүргізеді, жеке құрам туралы, тәртіптік шаралар туралы, басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына кезекті еңбек демалысын беру туралы, іссапар туралы бұйрықтарды дайындайды.
Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытының табелін жүргізеді.
Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасайды.
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының бос орындарына кандидаттар іріктеу конкурстарын ұйымдастырады.
Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру бойынша шаралар әзірлеу және оларды жүзеге асыруға қатысу, құқықтық мәселелер бойынша семинарлар өткізу, шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттар мен басқа да нормативтік актілерді дайындауға қатысады.
Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламентін мерзімінде әрі сапалы жасақтап, бекітеді.
Бөлім құқылы:
Ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы және ветеринария мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың шығыс сметасы мен кіріс-шығыс қаржылық жоспарын басқарма басшысына бекітуге ұсыну;
Облыстық ауыл шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеруге;
жылдық қардылық есептемелерді басқарма басшысына бекітуге ұсынуға;
облыстық ауыл шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне тексерулер жүргізуге;
өзінің құзіреті аясында сыртқы мекемелре мен байланысты жүзеге асыруға;
Төменгі ауыл шаруашылығы органдарынан, қала, аудан әкімдіктерінен, есептердің дұрыс құрылуын тексеру үшін материалдарды сұрауға және алуға;
Қаржы және есеп бөлімінің қызметін ұйымдастыру
Бөлімді ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жауапты болады.
Бөлім басшысы бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Бөлім 3 бірліктен:
басшыдан;
2 (екі) бас маманнан тұрады.
Бөлімнің штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.