"Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ

    бөлім туралы

    Функциялары:

    Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға;

    Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға, Мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға және Қазақстан Республикасының беделін түсіретін және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қайшы келетін іс-әрекеттерге жол бермеуге;

    Сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне қарсы тұруға, мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін, заңдарда белгіленген шектеулерді, қызмет этикасы мен жұмыс регламентін қатаң сақтауға;

    Басқарма басшысына және басқа да жоғары тұрған лауазымды адамдармен органдарға бағынуға;

    Бөлімге жүктелген жұмыстарды үйлестіруге;

    Мал шаруашылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ережелерімен белгіленген қызметтерді ұйымдастырады және орындалуын қамтамасыз етеді;

    Ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының бірқалыпты жүргізілуіне көмектеседі, шаруашылықтар арасында асыл тұқымды аталық малдардың пайдалану жайын түсіндіреді;

    Меншіктің нысанына қарамастан ауыл шаруашылығындағы фермерлік шаруашылықтардың дамуы мәселелерінде методикалық көмектер көрсетеді;

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 27.01.2017 жылғы № 30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде 2 бағыт бойынша субсидия беру:

    1.Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты:

    Басқарма асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін деректердің толықтығын тексереді және сәйкес келген жағдайда, тауар өндірушіге ақпараттық талдау жүйесі (ИАС) арқылы хабарлама жолдайды. Өтінімді мақұлдаған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде жиынтық акті жасақтап, субсидия қаражатын төлеуге жолданады. Субсидия қаражаты төленген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде ақпараттық талдау жүйесіне (ИАС) енгізеді.

    2) Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты:

    Басқарма мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған жиынтық актілерді барлық деректердің болуы және толықытығы тұрғысынан қарайды. Сәйкес келген жағдайда, басқарма екі жұмыс күні ішінде жиынтық акті жасақтап, субсидия қаражатын төлеуге жолданады. Жиынтық акті бекітілгеннен кейін, үш жұмыс күні ішінде, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өтінімдерді қарастыру қорытыныдылары туралы ақпаратты жолдайды.

    Сонымен қатар, басқарма өтінімдерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсына жариялауды және субсидия қаражатының игерілу туралы ақпаратты ай сайын, әр айдың 5-не дейінгі мерзімде және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде Министрлікке жолдайды.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 01.02.2017 жылғы № 50 «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.

    Басқарма өтінішті және құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жүргізеді және комиссия отырысын ұйымдастырады. Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені жазбаша түрде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

    Басқарма ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялау шартына сәйкес тоқсан сайын және жылдың қорытындысы туралы есепті жолдайды. Сонымен қатар, Қағидалардағы қосымшаларға сәйкес тоқсан сайынғы және жылдың қорытынды есебін жолдайды.

    Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында технологиялық талаптардың сақталуына, есеп нысандарының талапқа сай жүргізілуін қадағалайды, кеңестер береді;

    ауыл шаруашылық құрылымдарында малдың жазғы, күзгі жайылыстарға орналасуы, мал азығын дайындау және қоспалы жеммен қамтылу жұмыстарының есептерін жасайды;

    Малды қолдан ұрықтандыру жұмысын жолға қойылуына ықпал жасайды;

    Мал шаруашылығының маусымдық жұмыстарының технологиялық талаптарды сақтай отырып , мерзімінде жүргізілуіне кеңестер береді, қадағалау жасайды;

    Ірі сояулы мал азығын дайындау науқанының ұйымдастырылуына қадағалау жасау, дайындалған мал азығы жөніндегі ай, апта сайынғы ақпаратты статистикалық органдарға беріліп отыруын қаматамасыз ету;

    Мал шаруашылығының дамуы туралы бағдарламалар әзірлеуге және оның іске асуына қатысады.

    Мал шаруашылығы бөлімінде жасақталатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері:

    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

    «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

    «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінің мерзімінде бекітілуіне жауап береді.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуын, мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз ету;

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мерзімінде әрі сапалы жүргізу, осы бойынша есептілікті жасау және беру;

    Іс қағаздары мен құжаттарды ережеге сәйкес жүргізу, сақтау және мұрағатқа тапсыруға ұсыну;

    Басқарма басшыларының берген бұйрықтарын, нұсқауларын, тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындау.

    Кадрлар құжаттарын жасақтау, кадрлар құжаттарын арнайы тексеруге жолдау, кадрлардың міндеттеме алуын, кадрлардың еңбек кітапшаларын жүргізу, кадрлардың мемлекеттік қызмет стажын белгілеу комиссиясы жұмысын жүргізу, теріс қылықтарымен қызметтен босаған, тәртіптік жаза алған қызметкерлер жөнінде тиісті орындарға хабарлау, мемлекеттік наградаларға ұсыну құжаттарын дайындау.

    Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту бойынша жылдық жоспарын жасақтайды.

    Әскери міндетті қызметкерлерін есепке алу. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүргізеді.

    Басқарманың бұйрықтарын тіркеуді жүргізеді, жеке құрам туралы, тәртіптік шаралар туралы, басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына кезекті еңбек демалысын беру туралы, іссапар туралы бұйрықтарды дайындайды.

    Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытының табелін жүргізеді.

    Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасайды.

    Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының бос орындарына кандидаттар іріктеу конкурстарын ұйымдастырады.

    «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын жүргізеді.

    Сондай-ақ тапсырмаларды, хаттамалық іс-шаралар жоспарын уақытылы орындайды.

    Мал шаруашылығы бөлімінің қызметін ұйымдастыру

    Бөлімді ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жауапты болады.