Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы
1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
2) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;
3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және төтенше жағдайлар аймақтарына жылжытуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауға және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге бағытталған шаралар қабылдау;
4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы тілдік гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
5) өрттерді зерделеу және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
6) өрт сөндіру деполары, пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру, құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдықтарды, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлшкті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;
8) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;
9) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақытылы сақтауды, жинақтауды, жаңартуды ұйымдастыруға қатысу құқығы бар;
10) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау, оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
11) тұрғын үй секторындағы халық арасында өрттердің профилактикасына бағытталған атаулы үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарына қатысу;
12) ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.