Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Тұрғын үй қатынастары бөлімінің міндеті тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

    1)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

    2)кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

    3)кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

    4)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

    5)әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;

    6)«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда кондоминиум объектісіне басқару органының функцияларын жүзеге асыратып қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

    7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру.

    Тұрғын үй қатынастары бөлімінің негізгі функциясы кондоминиум субъектілері қызметін лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.

    1)кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне іргелес аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

    2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу арқылы тұрғын үй қорын басқару саласына;

    3)тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін құралдардың болуына;

    4)кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

    5)тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

    6)қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;

    7)нұсқама орындамаған жағдайда, сот органдары арқылы осы мәселені шешу бойынша сәйкесінше жұмыс өткізуге.

    8)мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық жобаларын және Рудный қаласы әкімдігінің нормативтік актілерін дайындауға және келісуге;

    9)әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелуге жіберуге;

    10)кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.