"Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    Мақсаттары:

    1) қала әкіміне әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, басымдықтары мен өңірді дамыту стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізу;

    2) қала әкімінің және қалалық мәслихаттың қарауына мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

    3) тексерулер мен сараптамалар жүргізу, конкурстық комиссияларға қатысу үшін кәсіпорынның, ұйымның, қоғамдық ұйымдардың мамандарын, олардың басшыларымен келісе отырып, тарту;

    4) өз құзыретінің мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдерге, өзге де заңды актілерге қол қою;

    5) өз өкілеттерін жүзеге асырғанда энергетика, құрылыс, құрылыс-индустрия кәсіпорнына және объектілеріне, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару.

    6) мемлекеттік мекемеге жүктелген тапсырмаларды орындау үшін өз құзыретінің шегінде тиісті мемлекеттік билік органынан, статистика органынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпаратты сұрату және алу;

    Функциялары:

    1) қалалық аумақты абаттандыруды бұзуға әкеп соқтыратын жұмыстарға ордерлер береді және осы жұмыстар аяқталғаннан кейін абаттандыру көлемін қалпына келтіруді бақылайды;

    2) қаланың басқа коммуналдық кәсіпорындарына бекітілмеген, қалалық коммуналдық мүліктің балансұстаушысының функцияларын орындайды;

    3) көшені жарықтандыру желілерін, трансформаторлық қосалқы станцияларды, кабельді және әуе желілерін ұстау, реконструкциялау және кеңейту; шамдарды, кабель өнімдерін, жарықтандыру желілерінің тірегін сатып алады және орнатады;

    4) жолаушылар ағынының өзгеруін ескере отырып, жаңа маршруттарды ашу, қолданыстағыларды өзгерту және жабу бойынша ұсыныстар дайындайды;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылардың және көлік қызметтерінің басқа да тұтынушыларының мүдделерін қорғайды;

    6) қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін басқа да функцияларды орындайды.