«Шемонаиха ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Ауданның аумағында барлық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын және құрылыс кешенін, жолаушылар көлігінің қызметін үйлестіреді.
Аудандық және облыстық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады: жылумен қамтамасыз ету көздерін қайта жаңарту және пайдалану бойынша; жолаушылар көлігін дамыту бойынша; жергілікті маңызды автомобиль жолдарын күрделі және ағымды жөндеу бойынша; елді мекендерді көркейту бойынша; мәдени-тұрмыстық маңызы бар және тұрғын-үй объектілерінің, апаттық және қираған тұрғын үйлердің техникалық жағдайларын жақсарту бойынша.
Тұрғын үйлерді жекешелендіруге байланысты мәселелерді шешеді.
Коммуналдық саладағы обьектілердің және тұрғын үйлердің қыстық жағдайға дайындығына әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерімен, жол полиция органдарымен, жол қызметтерімен әрекеттесу арқылы бақылау жасайды.
Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастырады және өткізеді; мекемелер мен азаматтардың өтініштерін қарастырады; заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй қатынастары саласында өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырады.ъ
НҚА, Шығыс Қазақстан облысы, аудан әкімдерінің тапсырмаларын іске асыру үшін бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.