«Степногорск қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ
Тарау 1. Жалпы ережелер
- «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай — Бөлім) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын басқарады.
- Бөлімге келесі ведомстволар жатады:
1) «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Степногорск – су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) «Шаңтөбе‑энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президент және Үкімет актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеме ретінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ тіліндегі атауы бар мөрі мен штамптары, бекітілген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім өзіндік атынан азаматтық - құқықтық қатынастарға кіреді.
- Егер заңнамада көрсетілген уәкілеті болса, Бөлім мемлекет тарапынан азаматтық - құқықтық қатынастарға қатыса алады.
- Бөлім өз құзыреті аясында заңнамамен белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды, шешімдер бөлім басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа актілер түрінде рәсімделеді.
- Бөлімнің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021501, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4‑шағын аудан, 1‑ғимарат.
- Осы Ереже Бөлімнің негізін қалаушы құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
- Бөлімге өз құзыретіне жататын міндеттерді орындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарт жасауға тыйым салынады.
Егер заңнамамен Бөлімге кіріс әкелетін қызмет жүргізу құқығы берілсе, алынатын кірістер заңнамада басқаша көзделмесе, мемлекеттік бюджетке түседі.
Тарау 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
- Міндеттері:
1) Степногорск қаласының аумағында тұрғын‑үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және коммуникациялар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
2) қала аумағында ұстау, абаттандыру, санитарлық жағдай, көгалдандыру жұмыстары бойынша және қоршаған ортаны қолайлы етуге бағытталған кешенді шараларды ұйымдастыру;
3) қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды өзінің заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асыру;
4) коммуналдық тұрғын үй қорын бөлу, Қазахстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
5) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа міндеттер.
- Өкілеттіктер:
құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу, электр желілерін және инженерлік инфрақұрылымын салуды, реконструкциялауды және жөндеуді және пайдалануды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыруды ұйымдастырады;
4) Халық, ұйымдар және т. б. алатын көрсетілетін коммуналдық қызметтердің деңгейін тұрақтандыру және сапасын одан әрі арттыру мәселелерінде коммуналдық сала кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасайды;
5) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісу бойынша) Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
6) талап қояды және соттарда дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер, бөлімнің функцияларына байланысты істер бойынша куәгерлер ретінде әрекет етеді;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады;
8) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын емес үй-жайларды тексеруді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, газбен жабдықтауды, нөсер кәрізін, су бұруды, тазарту құрылыстарын, жылу, электр желілерін және инженерлік инфрақұрылымын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыруды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
11) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастыруға байланысты шараларды қамтамасыз етеді және жүргізеді;
12) туысы жоқ адамдарды жерлеу және жерлеу орындарын күту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
13) жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға байланысты шараларды жерлеу және ісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді;
14) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың аз мобильдік топтары үшін, тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалыс орындарында қолжетімділікті ескере отырып, инфрақұрылым құруға бағытталған шараларды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
15) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифттерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады;
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
16.Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық меншік объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың тапсырыс берушісі/әкімшісі болады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаланың су құбырларын, газбен жабдықтауды, нөсер кәрізін, су бұруды, тазарту құрылыстарын, жылу, электр желілерін және инженерлік инфрақұрылымын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыруды ұйымдастырады;
4) халық пен бюджеттік сала мекемелері алатын коммуналдық қызметтер сапасын одан әрі арттыру және деңгейін тұрақтандыру мәселелерінде коммуналдық сала кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасайды;
5)жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау мәселелерін реттеу функцияларын жүзеге асыру;
6) бас және дендрологиялық жоспарларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы жерлердегі көгалдандырылған аумақтарды дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
7) Степногорск қаласының орамішілік аумақтарын жарықтандыру көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, сыртқы безендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады;
8) қазба (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізу үшін руқсат ордерлерін беру;
9)қала аумағында тасқынға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
10) коммуналдық меншіктегі су құбырларын, газбен жабдықтауды, нөсер кәрізін, су бұруды, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
11)қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, кәдеге жарату мен орналастыру тарифтерін есептеу және бекіту жұмысына қатысады;
12) коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
13)халыққа қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және орналастыру қызметтерінің тарифтерін әзірлеу және бекіту;
14) жалпы пайдаланымдағы жерлердегі жасыл желектерді кесуге (орнын ауыстыруға) рұқсат береді. «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін ағаштарды санитарлық кесуге рұқсат беру және жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі басқа да іс-шараларды көрсетеді;
15) жылумен жабдықтаудың, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау су бұру жүйелерінің, нөсер кәрізінің, су бұрудың, тазарту құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
16) коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау және күтіп ұстау;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
18) тұрғын үй-коммуналдық саласында иесіз немесе жауапсыз қалған мүлкін анықтау;
19)коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді тексеру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
20) Қазақстан Республикасының халықты ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
22) жалға алушы мен оның отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану жөнінде шаралар қабылдау қажет болған жағдайларда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
24) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;
25) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
26) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;
27) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын бақылау;
28) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар меншік иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылау;
29) анықталған заң бұзушылықтарды жою жоніндегі шешімдер мен ұйғарымдарды орындалуын бақылау;
30) кондоминиум объектіге жалпы мүлікке жүргізілген әр түрлері күрделі жөндеу жумыстар сапасын бақылау;
31) тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), кондоминиум объектісіне іргелес аумақты күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асыратын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді;
32)тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
33) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау;
34) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау;
35) көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру;
36) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;
37) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;
38) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
39) бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдарды (ұсынымдарды) міндетті түрде орындау үшін тапсырма беру;
40) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;
41) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімінің сақталуына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуға тексеру жүргізу;
42) пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайларды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына тексеру жүргізу;
43) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйінің сақталуына, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуына тексеру жүргізу;
44) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың сақталуына тексеру жүргізу;
45) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына тексеру жүргізу;
46) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізудің сақталуына тексеру жүргізу;
47) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстар сапасының сақталуына тексеру жүргізу;
48) елді мекен шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау;
49) өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғылардың, атап айтқанда: 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 градус Цельсийден асатын судың қызу температурасында жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарының (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мега Паскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың қауіпсіз пайдаланылуына, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі аспалы жолдар, фуникулерлер, лифттер мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
50) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
51) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.
52) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді:
53) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпарат;
54) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;
55) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;
56) елді мекен шегінде құрылған қарапайым серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу;
57) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде келіп түскендер бойынша консультациялық көмек көрсетеді жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне;
58) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну;
59) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімінің сақталуын, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды бақылау;
60) кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады;
61) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, қызметтік хат-хабарларын қарау.
Тарау 3. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
- Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- Степногорск қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және қызметінен босатады.
- Бірінші басшының өкілеттіктері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады және тәртіптік жаза қолданады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
6) Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. Мемлекеттік органның мүлкі
- Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мүлік оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай қаражат) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және жою
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Бөлімнің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымның тізбесі:
1) «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Степногорск - су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) «Шантөбе-энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.