«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй бөлімі» ММ
ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлiмi басшысының мiндеттерi: Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындау бойынша iс-шараларды жүзеге асыру. Тұрғын үй саясаты, коммуналдық шаруашылықтың стратегиялық және ағымдағы проблемалары, желiлiк коммуникациялардың тұрақты жүйесiн құру, жылу, газ және сумен жабдықтау мәселелерi бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, телекоммуникация объектiлерiнiң жұмысын бақылау. Автомобиль жолдарын күтiп ұстау мен ағымдағы және күрделi жөндеудi, оларды жөндеу мен жайғастыруды бақылау.Халықты орталықтандырылмаған ауыз шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде заңды және жеке тұлғалар пайдаланатын су объектiлерiн тiркеуге бақылауды жүзеге асыру. Атбасар ауданы әкiмi аппаратының басқа бөлiмдерiмен, аудандық ұйымдармен, облыстық энергетика басқармасымен бөлiмдi үйлестiру, кадрлар, қызметкерлердi аттестаттау мәселелерi бойынша бақылау. Хаттарды, шағымдар мен өтiнiштердi қарау.