"Марқакөл ауданның жер қатынастары бөлімі" ММ
"Марқакөл ауданның жер қатынастары бөлімі" ММ
- иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы);
- жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы);
- пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін қауымдық Сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 2-1) тармақшасы);
- мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 3-тармақшасы);
- жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 4) тармақшасы);
- мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 5) тармақшасы);
- Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 6) тармақшасы);
- жерді аймақтарға бөлу жобаларын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 7) тармақшасы);
- елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 8-тармағының 3-тармақшасы);
- жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 9) тармақшасы);
- жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 10) тармақшасы);
- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 11) тармақшасы);
- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 12) тармақшасы);
- ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 15) тармақшасы);
- жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 16) тармақшасы);
- Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының рұқсат беруі бойынша ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 17) тармақшасы);
- ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 - бабының 3- тармағының 18) тармақшасы);
- пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 18-1) тармақшасы);
- жерді резервте қалдыру бойынша ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 - бабының 3 - тармағының 19) тармақшасы);
- жер-кадастрлық жоспарды бекіту (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 - бабының 3 - тармағының 20) тармақшасы);