«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Қызметтi басқарады: Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу.

    Жер заңнамасын, аудандық өкiлеттi және атқарушы органдардың шешiмдерiн орындау. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру.

    Мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесiн қорғау. Бөлiм және басқа да мемлекеттiк, қоғамдық мекемелер, аудандық мәслихат, шаруашылық және кәсiпкерлiк құрылымдар арасындағы байланысты жүзеге асыру.

    Жер кодексi нормаларының ережелерiн практикаға қолдану және iске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жерге орналастыру және жер қатынастары мәселелерi бойынша облыстық жер қатынастары басқармасымен, ғылыми институттармен өзара iс-қимыл жасау. Бөлiмнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметiне бағалау жүргiзу. Бөлiмде Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.