«Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
«Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте белгіленген мемлекеттік басқару және бақылау қызметін атқаруға өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Мекеме өкілдігі міндеті: аудан жерлерін қолдану және бөлу туралы ақпараттың айқындығын және ашығын қамтамасыз ету мақсатымен тиімді есептеу саясатын өткізу, аудан жер ресурстарын тиімді және рационалды пайдалану, олардың сапасын жоғарту, жер қатынастырын реттеу функцияларын жүзеге асыру.
Мекеменің негізгі міндеттері жер қатынастарын реттеу саласы. Олардың арасында:
- жер қатынастарын реттеу саласында біраңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
- жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды, жер қатынастары жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және ұйымдастыру;
- мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
- жер қатынастары саласында мемлекеттік мүдделерін қорғау;
- мекеме заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру;
- ведомстволық бағынысты аумақта сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу; - ауданның кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру; - тіршілік ету ортасын жетілдіру және олардың сәулеттік келбетін жақсарту және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.