"Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    Міндеттері:

    1) жер заңнамасын, қалалық өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;

    2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

    3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    3) Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

    4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерді мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша ұсыныстар дайындау;

    5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

    6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастырлық (бағалау) құнын бекіту;

    7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    8) Қостанай қаласының жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

    9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

    10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

    11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

    12) Қостанай қаласының жер балансын жасау;

    13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

    14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

    15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    16) Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес Қостанай қаласының жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау ;

    17) ауыл щаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

    18) пайдаланылмай жаткан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

    19) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

    20) мемлекеттік мкеменің құзыретіне кіретін, Қостанай қаласы әкіамдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілердің жобаларын дайындау және келісу;

    21) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметтерді үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету;

    22) жер-кадастырлық жоспарды бекіту;

    23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    24) Әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жолдайды;