"Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

    "Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

    «Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ функциялары:
    1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
    2) халықты әлеуметтік қорғау, аналық және балалықты қорғау бойынша мәселелерді шешеді, халықтың әлжуаз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оларға қайырымыдылық көмек көрсетуді үйлестіреді.
    3) халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастырады;
    4) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдайды;
    5) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
    6) жастар тәжірибесін ұйымдастырады;
    7) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
    8) мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
    9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету

    1. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
    2. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу, куәлік беру
    3. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу
    4. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
    5. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
    6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
    7. Мүгедектерге кресло-арбалар беру
    8. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
    9. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
    10. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
    11. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (альтернативтік)
    12. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
    13. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау (альтернативтік)
    14. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
    15. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру (ЦОН арқылы)
    16. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру
    17. Тұрғын үй көмегін тағайындау (ЦОН арқылы)