«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

    Бөлім туралы

    «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    Степногорск қаласы

    2026 жыл

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны және де азаматтарға әлеуметтік-маңызы бар қызметтерді көрсету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
    4. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
    5. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    6. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 1- ғимарат.
    9. Осы ереже «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    10. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    11. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктеріне болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.

    Егер «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2-тарау.Мемлекеттік органның мақсаттар мен өкілеттіктері

    1. Мақсаттары:

    1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

    1. Өкілеттіктері:

    құқықтары:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, өз құзыреті шегінде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды атқару үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және өзге де ұйымдардан сұрау және алу;

    2) өз құзыреті шегінде келісімдер, шарттар жасасу;

    міндеттері:

    3) өз құзыреті шегінде қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

    4) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тартумен жиналыстарға белгіленген тәртіпте шақырту, қатысу;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

    1. Функциялары:

    1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

    2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында мансап орталығымен өзара іс-қимыл жасау;

    3) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;

    4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз ету;

    5) мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге және арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау қызметтері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

    6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау;

    7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

    8) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмекті көрсетуді үйлестіру;

    9) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

    10) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

    11) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

    12) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

    13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

    14) мемлекеттік бюджет қаражатынан тұрғын үй жәрдемақыларын, атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    15) жұмыс органы мемлекеттік мекеме болып табылатын консультативтік-кеңесші комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

    16) басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    17) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

    18) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді, ұзартуды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру;

    19) жартылай стационар, стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    20) құжаттарды дайындау және егде басты қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға интернат-үйлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу;

    21) қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша азаматтарға кеңес беру және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    22) «е-Оtinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасын жүргізу;

    23) «ХҚКО» ИАЖ (Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі), «e-Собес» ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе), «e-Халық» ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе), «ШЖК» (Шетелдік жұмыс күші), «ОЦК» (Отбасының цифрлық картасы), «eAkimat365» АТК (ақпараттық-талдамалық кешен); HR «enbek» электрондық еңбек биржасы, ҚР ЕХӘҚ МБЦП ақпараттық жүйесі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірыңғай цифрлық платформасы), «БКЖ» (Бірыңғай кадрлық жүйе) республикалық бағдарламалары мен ақпараттық жүйелерді жүргізу;

    24) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, құжат айналымын талдау;

    25) әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастар бойынша қалалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

    26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

    27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының

    мәртебесі, өкілеттігі

    1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
    3. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
    4. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

    1) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

    2) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

    3) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді жүзеге асырады, «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

    5) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

    6) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды және «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің міндетті орындау үшін тапсырмаларды береді;

    7) жергілікті атқарушы органмен бекітілген штат санының лимиті шегінде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесін және оның құрылымын бекітеді;

    8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

    9) заңнамада белгіленген тәртіпте «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру үшін бөлімнің жұмыскерлеріне сенімхаттар береді;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты;

    11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    12) басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қояды;

    «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

    1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

    Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.