«Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшылықты «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
    «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
    «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысының өкілеттігі:
    1) мемлекеттік мекемелерде, өзге де ұйымдарда «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің мүддесін ұсынады;
    2) «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
    3) «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені және «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді, еңбекақы төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды (сыйақы) белгілейді;
    4) «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
    5) «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
    6) «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңының орындалуын бақылайды;
    7) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
    8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді, сол үшін дербес жауапты болады;
    9) өз құзіреті шегінде гендірлік саясатты іске асырады;
    10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.