«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.

    «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшілігі бірінші басшысымен жүзеге асырылады, ол «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікке ие.

    Атбасар ауданы әкімінің өкімімен «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

    Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

    Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының уәкілеттіліктері:

    мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің лауазымдық мәндеттерін анықтайды және бекітеді;

    бөлімнің міндеттерін шешуге және қызметтерін жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануын қамтамасыз етеді;

    заңнамаға сәйкес үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісін және мемлекеттік мекеменің басқа да қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

    заңнамамен бекітілген тәртіпте қызметкерлерге материалдық көмек, сыйақы тағайындау және тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді;

    мемлекеттік мекеме шығаратын актілерге қол қояды;

    мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша, ол үшін дербес жауапкершілікті орната отыра, дербес міндет атқарады;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа уәкілеттіліктерді жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының уақытша болмағаны мерзімінде уәкілеттіліктерін атқару заңнамаға сәйкес орнын басатын тұлғамен жүзеге асырылады.

    Бірінші басшы әрекеттегі заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының уәкілеттілігін анықтайды.