«Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ
«Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына әр түрлі көмек көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу.
Міндеттері:
1) халықтың әлеуметтік әлсіз тобын әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;
2) халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға көмектесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды және аумақтарды дамыту бағдарлама-ларын жүзеге асыру. Еңбек рыногының жағдайына талдау мен болжам жасау, осының негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың перспективалық және ағымдағы бағдарламаларына ұсыныстар әзiрлеу және оларды iске асыруды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік және арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) Халықты жұмыспен қамту қызметін үйлестіру.