"Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    Мақсаттары:

    1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) бөлімнің қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде мақсаттарды жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1) государственный органға бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;

    2) әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдарың (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығаратын арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

    4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

    5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;

    7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қолдану;

    8) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;

    9) адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім шығару;

    10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қамқорлық пен қорғаншылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;

    11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

    12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

    13) 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі мерзімде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

    14) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу үшін арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

    15) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

    16) консультативтік-кеңесші органның жұмыс органының қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

    17) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

    18) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

    19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.