«Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Жалпы ережелер

    1. «Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Алтай ауданы аумағында ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асырады.
    2. Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқадай нормативті-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
    3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
    4. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа түседі.
    5. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    6. Бөлім өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18.
    9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. «Алтай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
    10. Бөлімнің қызметі Алтай ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылады.
    11. Бөлімнің міндеті болып табылатын қызметтерді орындау үшін Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    12. Бөлімнің жұмыс тәртібі: қызметкерлерге демалыс және тамақтану үшін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
    1. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттіктері
    1. Бөлімнің міндеттері:

    1) ішкі саясат тұрақтылығын қамтамасыз ету;

    2) аудандағы жергілікті атқару органдарының жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ 2050 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, мемлекеттік ішкі саясат басымдықтарын насихаттауды ұйымдастыру;

    3) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және діни конфессиялармен, сондай-ақ басқа қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақ кеңестерімен қарым-қатынасты нығайту;

    4) мемлекеттік ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    5) жастардың заңды құқықтарын және қызығушылықтарын қорғау;

    6) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.

    1. Өкілеттіктері:

    1) Бөлімнің құқықтары:

    қарау үшін аудан басшылығына Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ұсыныстарды енгізу;

    Бөлім құзыреті аясында сұрақтарды қарау және бірлесіп дайындау үшін ауданның жергілікті атқару органдарының басқа бөлімдерінің жұмыскерлерін тарту;

    Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша белгіленген тәртіпте кеңес өткізуге бастамашылық ету;

    Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті аясында басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен олардың басшыларынан, азаматтардан өз қызметін орындауға қажет ақпаратты сұрау.

    2) Бөлімнің міндеттері:

    Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша түсініктемелер беру;

    заңды және жеке тұлғаларға ол туралы ресми сұрау жасалған жағдайда өз құзіретінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;

    Бөлім құзіретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

    1. Бөлімнің функциялары:

    1) аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асырады;

    2) Алтай ауданы аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыруды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

    3) Алтай ауданы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

    4) аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді;

    5) діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша дін саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

    6) өз құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

    7) Алтай ауданы аумағында Қазақстан Республикасының рәміздерін пайдалануға (орнатуға, орналастыруға) бақылау жүргізеді;

    8) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 05 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасайды;

    9) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін іске асыру және бағалауды қалыптастыруды, іске асыруды, мониторингтеуді жүзеге асырады;

    10) мемлекеттік әлеуметті тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты құзіретті органға ұсынады;

    11) өзінің интернет-қорларында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерінің бағасын орналастырады;

    • мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсетеді;

    13) аудан аумағында әрекетін іске асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы деректерді жинайды, қорытындылайды және құзіретті органға ұсынады;

    14) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

    15) өзекті мәселелерді анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру нәтижелілігін арттыру үшін жастар мұқтаждығын бағалауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;

    16) жұмыспен қамту саясатын және жастарды жұмысқа орналастыруды іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығы мониторингін және жас мамандарды жұмысқа орналастыру тәжірибесін ұйымдастырады;

    17) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға көмектеседі;

    18) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

    19) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық татулықты және этносаралық төзімділікті нығайту бойынша шаралар қабылдайды;

    20) волонтерлік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

    21) волонтерлік қызмет мониторингін іске асырады;

    22) волонтерлік қызмет тәжірибесіне талдау, жинақ және қорытындылау жүргізеді;

    23) волонтерлік қызмет жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

    24) жергілікті мемлекеттік басқарма мүдделері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен жергілікті атқару органдарына жүктелген басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

    1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,

    өкілеттіктері

    1. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
    2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
    3. 18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
    • заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша Бөлім жұмыскерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
    • заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша Бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
    • өз құзіретінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
    • Бөлім жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді;
    • мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлім мүддесін көрсетеді;
    • Алтай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штаттық сан және құрылым лимиті шегінде Бөлімнің штаттық кестесін бекітеді;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін жеке жауап береді;
    • тәжірибесіне, қабілеттілігіне және кәсіби даярлығына сәйкес ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    1. Бөлім басшысы болмаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басшы өкілеттігін оны алмастыратын тұлға орындайды.
    1. Мемлекеттік органның мүлкі
    1. 20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса есептегенде) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. 21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
    2. 22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі::
    3. «Алтай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.