«Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ
«Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - жастар саясаты және ішкі саясат саласындағы әкімшілік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Міндеттері:
1) Казақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актiлерi мен тапсырмаларына сәйкес «Мендіқара ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелер бойынша ауданда мемлекет iшкi саясатының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының орындауды қамтамасыз ету және iске асыру;
2) аудан аумағында діни, жастар, ауданның үкіметтік емес бірлестіктеріне қатысты мемлекеттің саясатын жүйелі жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Функциялары:
1) ішкі саясат сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) жастар саясатын iске асыру, ауданның жастар бiрлестiктерi жұмысына ықпал ету және үйлестiру;
3) саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бiрлестiктермен, құқық қорғау, дiни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
4) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
5) дін істері, жастар саясаты жөніндегі аудандық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың ішкі саясаттың түрлі аспектілері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
6) аудан аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
7) ішкі саясат саласындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Құқықтары мен міндеттері:
1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.