Катонқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ
«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің»функциялары:
1) Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады;
2)Аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді;
3) Діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша дін іс-әрекеттері саласындағы уәкілетті органдарға ұсыныстар жасайды;
4) Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) Катонқарағай ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (тігілуін, орналастыру) бақылау жасайды;
7) Жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) Ауданның, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
9)Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
11)Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) Өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) Жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.