«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады;
Аудан аумағында бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасау;
Аудан аумағында ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді дамытуға жағдай жасау;
Өкілеттіктері:
заңнамада белгіленген мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.
мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастырды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру және
насихаттау;
Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, насихаттауды қамтамасыз ету;
аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізуге бағытталған иедологиялық шараларды іске асыру;
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;
мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамуынының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру;