"Қаражал қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    «Қаражалқаласының ішкісаясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спортбөлімі»мемлекеттікмекемесіішкісаясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спортсаласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасыныңмемлекеттікорганыболыптабылады. «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

    қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

    этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;

    Қаражал қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамыту;

    ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

    қала аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де объектілерді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізу;

    қала тұрғындарына заман талабына сай мәдени ортаны және азаматтардың әлеуметтік оптимизмдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдениет саласында қолжетімді және сапалы қызмет ұсыну;

    мемлекеттік тілді дамытуды басты назарға ала отырып, қала аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамытуға және үштілділік приципін қолдану мен таратуға бағытталған, тілдерді дамыту жүйесін жүзеге асыру.