«Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары:
мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекет бағдарламаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аудан әкімінің, мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмаларының актілерінің іске асырылу барысын ауданда орындалуын бақылау;
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаны, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерттеу, талдау және бағалау;
Әлеуметтік сала, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісілген өзара әрекеттестігін және бірыңғай стратегиясын қалыптастыру;