"Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
1. Өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және Ішкі саяси үрдістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат, мониторингті ұйымдастыру, қоғамдық саяси жағдайды сараптау мен болжау, қоғамдық партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың, жергілікті мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық ынтымақты, қазақстандық отан сүйгіштікті насихаттау мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2. Өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени жэне қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
3. Аудан әкімдігімен келісе, облыс әкімдігінің, ішкі саясат басқармасының және өзге де мемлекеттік мекемелердің құзырына қатысты ішкі саясат мәселелері бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
4. Өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды, мәдени іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
5. Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау, өңірлік және шетелдік БАҚ есепке алу;
6. Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, қүқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, ғылыми және шығармашыл қауыммен, қоғамдық пікір жетекшілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
7. Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, ғылыми және шығармашыл қаулымен жұмыс жүргізу;
8. Жұмыс күндері – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 9-00 ден – 18.30 ге дейін, үзіліс 13-00 ден – 14.30 дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.
4. Қорғалжын аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және өз функцияларын іске асыру үшін заңдармен белгіленген тәртіп бойынша төмендегідей қүкығы бар:
- Сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық жэне конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
- Ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
- Өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық- талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
- Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жүмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру