Бурабай ауданының ішкі саясат және дін істері бойынша бөлімі

    Жалпы ақпарат

    «Бурабай ауданының ішкі саясат және дін істері бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесі - ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық бейбітшілікті, этносаралық, дінаралық келісімді нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және аудан аумағында қоғамды топтастыру бойынша тұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

    Бөлімінің міндеттері:

    1) қоғамды біріктіру мен қоғамдық процесстерді демократизациялауды, мемлекеттік егемендікті нығайтуды, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

    2) аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялардың, діни бірлестіктер мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжамдауды, мониторинглеуді жүргізу;

    3) басқару шешімдерін қабылдау үшін тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу;​​​​​​​​​​​​​​

    4)мемлекеттік органдардың қызметін жариялау бойынша БАҚ-пен мақсатты іс-шаралар жүргізу және дайындау;

    5) конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл құқықтарын іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, аудандағы діни ахуалға талдау жасауды ұйымдастыру.