«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» ММ
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасауды жүзеге асырады, мекемеге жүктелген функциялардың орындалуына жеке жауапкершілікті мойнына алады;
2) өзінің қызметкерлерiнің жауапкершілік дәрежесін белгілейді және міндеттерін анықтайды;
3) мекеме қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
4) мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) өз құзыреті шегінде мекеме қызметкерлері орындауға міндетті, құқықтық актілерді шығарады;
6) оның құзыретіне қатысты, басқа да мәселелерге шешім қабылдайды.
7) белгіленген тәртіппен азаматтардың жеке қабылдауын, өтініштерін, шағымдарын және хаттарын қарауды жүргізеді.
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өзінің құзыретіне қатысты белгіленген тәртіппен қабылданған мәселелер бойынша шешімі, барлық ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қабылдаған шешімі басшының қол қойған бұйрығымен рәсімделеді. «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің өткізген, заңдылықты сақтауды тексеруі оның құзыреті шеңберінде, басшы қол қойған, нұсқамасы негізінде жүзеге асырылады.