"Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі"ММ
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы
1) құрылыс қызметін жүзеге асыру және инфрақұрылымды дамыту;
2) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мемлекеттік қаржылардың қатысуымен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің басқа да ғимараттары мен құрылыстарын салу жөніндегі тапсырыс беруші-құрылысшы қызметтерін орындау;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын нысандар құрылысы және қайта жаңарту саласында жылдық жоспарды жүзеге асыруға қатысу;
4) мемлекеттік құрылыс саясатын негізі жөніндегі қызметті іске асыру;
5) тұрғындарды әлеуметтік қызметтің төменгі деңгеймен қамтамасыз ету жөніндегі тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық нысандар құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын орындауды ұйымдастыруға қатысу;
6) Қазақстан Республикасы Заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтердің орындалуын жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) қала нысандарын салу және күрделі жөндеуге қалалық бюджеттен бөлінетін қаржыларды толық игеруді қамтамасыз ету;
2) қала нысандарын құрылысының жобаларын әзірлеу;
3) құрылыс нысандарының сапасын бақылауды қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік нормативтерге сәйкес, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын обьектілерді аяқталған құрылысын пайдалануға мемлекеттік қабылдауды ұйымдастыру;
5) нысандар құрылысының жоспарын орындау жөнінде қала әкімдігі алдында есеп беру;
Функциялары:
1) Ақтөбе қаласының аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыру және инфрақұрылымды дамыту;
2) нысандар құрылысының технологиялық қызметін ұйымдастыру және бақылау;
3) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген ретпен заңды және жеке тұлғалардың арыздарын, өтініштерін қарайды;
4) құрылыс саласында аймақ аралық байланысты жүзеге асыру;
5) құрылыс жүйесіндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен нормативтік актілері орындауын бақылауды ұйымдастыру;
6) құрылыс саласының міндеттері мен мақсаттарын заңдылыққа және ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес басқару, шешімдерді солардың қызметі жөнінде қабылдау;
7) «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бағынатын мемлекеттік мекемелерді,кәсіпорындарды құруында, қайта құруын және жойылуына қатысады;
8) «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және мемлекеттік мекемелеріне мемлекеттік басқару қызметін атқарады;