«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ
1. Жалпы ережелер
1. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Степногорск қаласы аумағында ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Кодекстеріне және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабаларына, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021501, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4- шағынаудан, № 1 ғимарат.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Миссиясы: «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі салалардың экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қаланың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласында мемлекеттің аграрлық саясатын дамытуға және қалыптастыруға, Степногорск қаласы аумағында адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғауға, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға көмек көрсетеді, жер қатынастарды реттеу, жерді ұтымды және тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
14. Міндеттері:
1) қаланың аумағында экономиканың аграрлық секторын реформалау және дамыту;
2) аграрлық сектордың экономикалық және әлеуметтік дамуының болжамын жүзеге асыру;
3) қаланың ауыл шаруашылығы құрылымдарына әдістемелік және функционалдық көмек көрсету;
4) адамдар мен жануарлар үшін ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау;
5) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
6) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
7) аумақты басқа аймақтардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау;
8) ветеринария саласындағы қызметін жеке және заңды тұлғалары іске асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды ескерту.
9) жер қатынастарды реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
10) олардың құзыреті шегінде қабылданған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін, жер заңнамасын орындау;
11) жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
12) мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
13) ауданның жер ресурстарының жай-күйі туралы деректердің банкін құру, жүргізу;
14) жерді аймақтарға бөлу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
15) сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) жер телімдерін сату жөнінде ұсыныстар енгізу;
16) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау.
15. Функциялары:
1) ветеринарлық (ветеринарлық - санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
2) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтағы жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайларды зерттеу;
5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
6) жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерінде және ветеринарлық нормативтерінде, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ветеринарлық iс-шараларды жүргізу туралы ақпаратты мүдделi тұлғаларға беру және ұйымдастыру;
7) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының алдын алуы биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринарлық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру бойынша негізгі мәліметтер базасын жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру бойынша іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру;
9) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алуы бойынша ветеринарлық іс-шаралар жөнінде ұсыныс енгізу;
10) облыстың жергілікті атқарушы органдарына бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын диагностика мен алдын алу, жануарлардың энзоотикалық аурулар тізімі бойынша ұсыныс енгізу;
11) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринарлық препараттардың сақталуын ұйымдастыру;
12) облыстың жергілікті атқарушы органына Степногорск қаласы аумағында ветеринарлық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
13) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын әзірлеу, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстарды дайындау;
14) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
15) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты айырусыз зиянсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
16) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, айырусыз зиянсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
17) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
18) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе крантинді тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
19) мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринарлық – санитарлық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлер тізімін анықтау;
20) заңнамамен белгіленген тәртіпте аумақтың шегінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жеке және заңды тұлғалармен сақталуын қадағалауды және мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды жүзеге асыру мен ұйымдастыру;
21) эпизоотиялық ошақтары пайда болған жағдайда оларға зерттеу жүргізу;
22) эпизоотологиялық зерттеу актісін беру;
23) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақталуы тұрғысынан белгіленген тәртіпте мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
24) ветеринария саласында заңнамамен белгіленген өз құзыреті шегіндегі өзге функцияларды жүзеге асыру;
25) қайта өндіру мен жүзеге асыруына, сақтауға, дайындауға (союға), өндіруге, пайдалануға, өсіруге, ұстауға байланысты, сондай-ақ орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орын ауыстыруы) кезінде мал қорымын (биотермиялық шұңқырлар), мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бақылау мен қадағалау объектілерін пайдалануға енгізу мен қайта құру, салу, орналастыру кезінде, зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптардың сақталуы үшін мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
26) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бақылау және қадағалау актісін жасау;
27) ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
28) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) ауру жануарлардың санитарлық союын ұйымдастыру;
30) заңнамамен белгіленген тәртіпте агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің мемлекеттік қолдауын жүзеге асыру;
31) экономиканың аграрлық секторының дамуына талдау өткізу;
32) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы, ветеринария және техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жүзеге асыру;
34) ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің пайдалануы мен қорғауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
35) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
36) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу;
37) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша ұсыныстарды дайындау;
38) жер учаскелерінің бөлінуін және бөлінбеуін анықтау;
39) мемлекеттің жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
40) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
41) Степногорск қаласының және іргелес елдімекендердің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жерді ұтымды пайдалану бойынша жобаларын және сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
42) елдімекендер аумағының жер – шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
43)жер сауда-саттығын өткізуді ұйымдастыру (аукциондар, конкурстар);
44) Степногорск қаласының жерлер балансын жасау;
45) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқық қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды жүргізу;
46) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;
47) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру;
48) сатып алу-сату шарттарын, жер учаскесін уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында жалдау шарттарын жасасу және жасалған шарттардың талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
49) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Степногорск қаласының әкімдігімен учаскелерін пайдалануға рұқсат жер беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
50) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
51) белгіленген нысан бойынша облыстық жер қатынастары басқармасына ай сайын есеп беру;
52) Степногорск қаласының жерлерін аймақтарға бөлуді ұйымдастыру және Степногорск қаласының органына берілген жерді аймақтарға бөлудің жобаларын (схемаларын) бекітуге ұсыну;
53) жерлерді резервтеу бойынша ұсыныстарды даярлау;
54) жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін дайындау;
55) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
56) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
57) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
58) өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығы және астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнім өндіру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
59) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
60) мемлекеттік меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасау;
61) заңмен белгiленген құзырет шегiнде өзге функцияларды орындау.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеуге;
2) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
3) ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту перспективаларын анықтау және болжамдауға, үрдістерге талдау жүргізуге;
4) азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарында құстар мен мал басын есепке алуды жүргізуге;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды бұзған жағдайда ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың лицензияларын қайтарып алу туралы бастамашы болуға;
6) белгiленген тәртiпте эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
7) карантиндік режимді енгізумен карантиндік аймақтың ветеринарлық режимін белгілеу және жануарлардың аса қауіпті аурулары болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторымен ұсынылатын шектеу шараларын енгізу туралы ұсыныстар енгізуге;
8) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюға арналған ветеринарлық шаралар кешені өткізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысы бойынша шектеу шараларын немесе карантинді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
9) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, айырусыз зиянсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдауға;
10) өз құзыреттілігінің шеңберінде жоғары тұрған органдармен байланысты жүзеге асыруға;
11) шаруа (фермер) қожалықтарының, қауымдастықтарды, одақтарды және кәсіпкерліктің басқа нысандарының, ауылдық қосалқы шаруашылықтарының, азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының дамуына жәрдем жасауға;
12) өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығы және астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнімдерді өндіру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
13) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға;
14) мемлекеттік меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
16) жер заңнамасына қайшы келетін құқықтық актілердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу.
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, әкімдіктер мен облыс және қала әкімдерінің шешімдерін сақтауға және орындауға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген функцияларды жүзеге асыруға;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметінен босатылады.
19. Бірінші басшының өкілеттігі:
1) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық етеді: «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және қадағалайды;
2) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бөледі және бекітеді;
3) заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін бұйрық шығарады және қол қояды, тапсырмалар береді;
5) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығы бар;
6) бөлінген бюджет қаражаттардың нысаналы пайдалануын қамтамасыз етеді;
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
8) заңнамада белгіленген тәртіппен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза тартады;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда (соның ішінде сот) және басқа да ұйымдарда «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
10) заңнамада белгiленген тәртiппен «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсыну үшін сенiмхаттар бередi;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
12) өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығы және астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнімдерді өндіру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
13) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
14) мемлекеттік меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға қол қояды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
16) «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін ол болмаған кезде оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыстыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлікке ие болуы мүмкін.
«Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
23. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
24. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік органның құзырына жататын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
26. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы «Степногорск Ветсервис» шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.