Бурабай ауданының ауыл шаруашылық бөлімі
«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел сельского хозяйства Бурабайского района».Осы Ереже «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
Егер «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.