«Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    1) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін
    мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болып табылады;

    3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

    4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

    5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында
    жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;

    6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;

    7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың
    мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;

    8) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және
    заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

    9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.