"Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    Мақсаттары

    1) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

    2) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын талдау және болжау;

    3) ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мақсаттар.

    Функциялары:

    1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;

    2) аймакта шағын және орта бизнесті және инновациялық қызметті қолдау үшін инфрақұрылым объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

    3) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

    4) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;

    5) Қостанай қаласының туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіруді жүргізу;

    6) Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау;

    7) сауда саласындағы заңнаманың сақталуына, оның ішінде сауда қызметі субъектілерінің өз құзыреті шегінде азық-түлік және басқа да тауарларға шекті бағалардың мөлшерінің асып кетуін мониторингті және бақылау жүргізу;

    8) Қостанай қаласының аумағын даму бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;

    9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

    10) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

    11) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) беру;

    12) Қостанай қаласында азық-түлік тауарларының қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;

    13) көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру;

    14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;

    15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    16) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

    17) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

    18) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

    19) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.