«Ұлан ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Ауыл шаруашылығы 2020 жылдың 1 қаңтарға

    Бюджеттік бағдарлама 2021-2023 жылға

    Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының, облыс және аудан әкімдігі мен кімнің нормативтік актілерін орындау. Аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын орындауды және жүзеге асыруды ұйымдастыру және соның негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың болашағы мен үрдістерін анықтау. Нарықтық инфрақұрылымдардың және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымдардың қалыптасуына ықпал ету. Агроөнеркәсіп кешенінде жеке меншіктік негіздегі шаруашылық жүргізудің түрлі ұйымдық – құқықтық нысандарының қалыптасуына және дамуына ықпал ету. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін өнімді сату және жабдықтауды қолайлы нарықтық ортаға қалыптастыруды ұйымдастыру. Ақпараттық – маркетингтік қамтуды аудан, облыс және республика аймақтары бойынша нарықтық жағдайы, ауыл шаруашылық өнімдерін және оның өңдеуден өткен өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін зерделеуді ұйымдастыру. Ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бағыттарын айқындау мен оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістеріне, ғылым және техника жетістіктерін, озық технологияны насихаттауға ықпал ету. Ауданның экономикалық дамуына кәсіпкерліктің атқаратын рөлін арттыру. Шағын бизнес саласына кең көлемде тұрғындарды баулу, Кәсіпкерлік субъектілеріне еркін еңбек кепілін арттыру. Аймақтық стратегиялық жоспарлауда кәсіпкерліктің дамуына стратегиялық жоспарлау, аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының орындалуын бақылау және дайындау.