«Самар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің Міндеттері:

    1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың, индустриялық-инновациялық даму, өнеркәсіп, мемлекеттік сауда саясаты, туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
    2) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуге қатысу;
    3) Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады;
    4) ауданда жеке кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;
    5) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысу.
    6) ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осының негізінде аграрлық сектордың перспективаларын, оның даму үрдістерін айқындайды;
    7) нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруға, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясатты және есепке алуды жүргізуге жәрдем көрсетеді;
    8) ауылда жеке меншік негізінде шаруашылық жүргізудің әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарын дамытуға және қалыптастыруға жәрдемдеседі; ;
    9) ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын, оларды іске асырудың жолдары мен әдістерін айқындайды және енгізуге жәрдемдеседі, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау;
    10) Самар ауданы аумағындағы азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.
    16. Бөлімнің Функциялары:
    1) Самар ауданының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;;
    2) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
    3) сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастырады;;
    4) Өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    5) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
    6) Самар ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
    7) Самар ауданының аумағында туризмді дамыту туралы ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
    8) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;;
    9) Самар ауданының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
    10) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және туризмнің өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға жәрдем көрсетеді;
    11) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
    12) қайта өңдеуші кәсіпорындар қызметінің мониторингі бойынша жұмысты жүзеге асыру;
    13) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
    14) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
    15) ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізеді;
    16) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізеді және оны Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсынады;
    17) "агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізеді;;
    18) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізеді және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына есептілік ұсынады;
    19) облыстың жергілікті өкілді органына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу жатады;
    20) аудан бойынша тұқым балансын жасау;
    21) облыстың жергілікті атқарушы органына ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат ұсыныстарын енгізу;
    22) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
    23) тәртіптің орындалуын бақылауды жүзеге асыру сорттық және тұқымдық бақылауды, сорттық егістерді байқаудан өткізуді, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізуді жүзеге асыру;
    24) тиісті аумақта тұқымдық ресурстардың мониторингін жүзеге асыру;
    25) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
    26) тоқтата тұру саласында жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу: субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің қолданылуы; тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызмет;
    27) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу және шешім қабылдау;
    28) Жоғары тұрған мемлекеттік органдар үшін Бөлім құзыретіне кіретін салалар бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау.
    39) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасы жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
    1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге;;
    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа бөлімдерінің қызметкерлерін тарту;
    3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізуге бастамашылық жасау;
    4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
    5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
    6) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беруге міндетті;
    7) бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

    1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
    2. Басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Самар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асыру; ;
      3) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
      5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру;
      6) Самар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде бөлімнің штат кестесін бекіту;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.