"Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.