«Ақкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
«Ақкөл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте белгіленген мемлекеттік басқару және бақылау қызметін атқаруға өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Мекеменің негізгі міндеттері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеуді арттырып, ауданның ішкі мұқтаждығын өтеу мен сыртқы рынокқа сату үшін кешенді шараларды жүзеге асыру, экономиканың шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және бірыңғай саясатты жүргізу, дамудың басым бағыттарын бөле отырып, кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту саласында экономикалық саясатты жүзеге асыру болып табылады. Олардың арасында:
1) аграрлық сектордың даму тұжырымдамасын белгілеп жүзеге асыру, оның болашағына талдау жасау, болжау және анықтау;
2) агроөнеркәсіптік кешенін монополиясыздандыруға ықпал ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенінде реформаларды жетілдіру мен тереңдету, шаруашылық жүргізудің әралуан түрлерін дамыту;
4) ауданның аграрлық секторында басқарудың маркетингтік жүйесін енгізу;
5) тауар өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру мен сумен жабдықтау, оларға сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен жұмыстарды үйлестіру;
6) егіншілік, мал шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағыттарын белгілеу;
7) тұкым шаруашылығы астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
8) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік бақылауды жузеге асырады;
9) тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу номерлерінің белгілерін, аталған көлік құралдарын және тіркемелерді, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік жөне жол-қурылыс машиналары мен механизмдерін, жолталғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуге алады:
10) тракторларды жөне олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
11) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды; қарда жүретіндер,квадроциклдер және басқа да техникаларды жыл сайсын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізеді;
12) тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретіншассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды және куәлік беруді жүргізеді;
13) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту;
14) кәсіпкерлікті дамыту саласындағы басым бағыттарды айқындау және бірыңғай саясат жүргізуді қамтамасыз ету;
15) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
16) туризм және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
17) өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттарын өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
18) инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
19) мекеме заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.