«Жангелдин ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ
«Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты, «Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
«Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
«Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын басқарады және ұйымдастырады;
2) «Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауда дербес жауапты болады, бюджет қаражаттарын мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
3) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) белгіленген заңнамалық тәртіпте қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзара қарым қатынастағы барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
6) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Жангелдин ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.