«Жарма ауданының білім бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    1) Бөлімнің білім берудегі мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру.
    2) Білім беру саласындағы және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы заңдар жиынтығының ережелерін сақтау құзырындағы бақылауды ұйымдастыру.
    3) Аудан әкіміне белгіленген тәртіп бойынша ұсыныстар жасау Бөлімге қарасты мемлекеттік кәсіпорындармен білім беру мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату. Білім беру ұйымдарының Жарғыларын бекіту.
    4) Ағымдағы және оперативтік сұрақтар бойынша Білім қызметін қамтамасыз етуге арналған бұйрықтарды шығару.
    5) Азаматтарға мектепке дейінгі тәрбие беру, жалпы-міндетті орта білім беру, кешкі оқытуды қоса қамтамасыз ету.
    6) Мектепке дейінгі балаларды, мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанша оқыту.
    7) Білім беру ұйымдарының құруын, қайта ұйымдастыруын, таратуын, аттестациялауды Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіп бойынша өткізу.
    8) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне қолдау және көмектесу.
    9) Мектепке деінгі тәрбие және жалпы орта білім берудің мониторингін жүргізу, білім сапасының аралық мемлекеттік бақылауын қамтамасыз ету.
    10) Белгіленген тәртіп бойынша жетім балалар, ата-ана қамқорысыз қалған балалардың мемлекеттік қамтамасыз етуін іске асыру.
    11) Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету.
    12) Білім ұйымдарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруға көмек жасайды.
    13) Бөлімнің білім ұйымдарының қаржыландыру мен аудандық бюджетті қалыптастыруға ұсынытар даярлау.
    14) Білім салаларын қаржыландыруды іске асыру.
    15) Білім бөлімі мен қаржы-шаруашылық іс-щараларына есеп беру мен бухгалтерлік есебін жүргізу. Қаржыны бақылау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
    16) Білім ұйымдарындағы мамандар ж/е педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуін сан және сапа жағынан сараптау.
    17) Білім педагогикалық қызметкерлерінің аттестациялау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру.
    18) Ұстаздардың кәсіби шеберлігін көтеру, қайта даярлауды ұйымдастыру және жоспарлау, педагогиқалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен білім беру және спорт ұйымдарын ғылыми - әдістемелік қамту.
    19) Перспективті педагогиқалық және ақпараттық технологиямен қамту, аудан ұйымдарының ғылыми - зертеушілік қызметін дамыту, оқыту және тэрбие үдерісінің ақпараттық қамтуы.
    20) Экономикалық негізбен жоспарлау және бюджеттік қаражаттың нәтижелі пайдалануының сараптамасын жүргізу, мектеп ғимараттарының күрделі жөндеу арқылы материалдық-техникалық базаны нығайту.