«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Білім бөлімі басшысының міндеттеріне: бөлімінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын заңнамаларға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыру, белгіленген еңбек қоры және қызметкерлер құрамының шеңберінде бөлімнің және білім беру ұйымдарының құрылымы мен штаттық кестесін және жұмыскерлер құрамын бекіту, білім ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындау, босату, алқалық органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарына сараптама жасау және кәсіптілікті арттыру бойынша шаралар қолдану, білім беру саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылау, государственный органға қарасты білім беру ұйымдарының бюджетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау және енгізу, бөлімнің шұғыл және ағымдағы қызметтерін қамтамасыз ету бойынша бұйрықтар шығару, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың алдында білім беру мәселелері бойынша бөлім атынан сөз алу, Атбасар ауданының білім бөліміне жалпы басшылық жасау, бөлімнің Атбасар ауданы әкімдігі аппаратымен, аудандық ұйымдармен, білім басқармасымен жұмыстарын үйлестіру, білім беруді дамытудың келешегі, кадрлер, қызметкерлердің аттестациясы бойынша мәселелерді бақылау, орталықтандырылған бухгалтерияның жұмысына басшылық жасау, Атбасар ауданының білім беру ұйымдарын жөндеу, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы мәселелерін шешу. Өтініштер, арыздар мен қарарларды қарау енеді.