"Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ
Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің Жарғыларын, Президенттің басқа нормативтік құқықтық кесімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, облыс әкімдігінің, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту басқармасының, аудан әкімі, аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық кесімдерін орындауды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Мәдени бірлестіктер, ұйымдар қызметтерін ұйымдастыру және дамытуды қамтамасыз ету. Есеп беру құжаттарын және болашақтық жоспарлауды жүргізу. Мониторингтік зерттеулерді жүзеге асыру. Мәдениет және тілдерді дамыту бойынша бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы заңнамаларын іске асыру. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту басқармаларымен басқа атқарушы органдармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыру. АХА (азаматтардың хал-ахуал актілері) барлық түрлері бойынша куәліктерді және растау құжаттарын беру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды. Неке-отбасы заңнамасы мәселелері бойынша АХАЖ бөлімімен тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды. Туған және қайтыс болған азаматтарды уақтылы тіркейді.