«Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Бөлім туралы

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Аршалы ауданы аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    4.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    5.Бөлім егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    6.Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    7.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

    8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Жұмабек Тәшенов көшесі, 47.

    1. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

    10.Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

    1. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    Мақсаттары: Аршалы ауданы аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру.

    1. Өкілеттіктері:
    • құқықтары:
    • мемлекеттік мекемелерден, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де атқарушы органдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
    • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар өткізуге бастамашылық жасау;
    • бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәрттіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
    • «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру және спорт» мемлекеттік мекемесіне қызмет көрсетуге жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
    • аудан басшылығының қарауына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
    • Қазақстан Респуликасының заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де құқықтарды пайдалана алады.
    • міндеттері:
    • мәдениет, тарихи-мәдени мұра, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт қызметті дамыту мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
    • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;
    • мемлекеттік тілді жан-жақты дамытады, оның беделін нығайтады, ауданның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне барлық қажетті жағдайларды жасайды;
    • дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру, спорттық қозғалысты насихаттау;
    • Аршалы ауданы аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту, спорт резервін және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау.
    • заңды және жеке тұлғалар ресми түрде сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпараттар беруге міндетті;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мекемеге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
    • функциялары:
    • Аршалы ауданы аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, оқыту, спорт саласындағы жұмысты жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
    • тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
    • Аршалы ауданы аумағында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы қажетті мәліметтерді талдайды және уәкілетті органға ұсынады;
    • дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
    • Аршалы ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
    • спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
    • түрлі ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, фестивальдерді, конкурстарды, спорттық жарыстарды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады ол жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    15.Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аршалы ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

    1. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне марапаттау және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданады;
    • Бөлімнің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
    • Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
    • мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
    • өз құзыретіндегі мәселелелер бойынша бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды, сенімхаттар береді;
    • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүзеге асырады;
    • бөлімнің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
    • бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    1. «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
    • спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
    • мынадай біліктілік санаттарын береді: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
    • Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.

    4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

    18.Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    19.Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5 тарау. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

    1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

    1. Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
    2. Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі».
    3. Аршалы ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі