«Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
"Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытудың саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Ақкөл аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытудың саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсету.
Міндеттер:
- ведомстволық бағынысты аумақта мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
- мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу;
- дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (қалалық) жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
- аудандық (қалалық) деңгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу;
- әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық (қалалық) құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
- тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
- екінші және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру;
- аудандық спорттық бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру;
- тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында спорттық қызметті үйлестіру;
- тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мәліметтерді, оның ішінде статистикалық деректерді талдау және облыстық атқарушы органға ұсыну.