«Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Бөлім қызметінің бағыты:

    аудан аумағындағы тіл, мәдениет және өнер, спорт саласындағы дамытулар бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатын қамтамасыз ету

    Бөлімнің функциялары:

    мәдениет және тiлдердi қолдау саласында болатын процесстердi мемлекеттiк реттеуге қатысу; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, әкімдігінің қаулыларының, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданы әкімдерінің шешімдері, өкімдері және тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау және жүзеге асыру; тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу, бөлім құзыретіне енетін мәселелері бойынша әкімдік қаулыларын, әкімнің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптау, бөлiм құзыретiне енетiн мәселелерi бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және тiлдерді дамыту басқармасымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету; бөлiм құзыретiне енетiн мәселелері бойынша барлық меншiк нысанындағы мәдениет мекемелерi, атқару органдары қызметтерiн үйлестiру және бақылауын қамтамасыз ету, маңызды республикалық, облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдениетті іс-шараларын жүргізуге қатысу; аудан аумағындағы мәдени- бос уақыт қызметтерін және тіл саясатын дамыту бойынша әкімдік мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысу; өз құзыры шеңберінде мекемелер және ұйымдарға ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету; Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту және қолдау саласы, мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамалар, бағдарламаларын жүзеге асыруға және әзірлеуге қатысу; ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, талдау және жіктеу бойынша жұмыстарын жүзеге асыру; ұлттық- мәдениеттік, дiни және басқа қоғамдық бiрлестiктерімен байланыстарын жүзеге асыру; бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыстарын жоспарлайды, жүзеге асыруына ықпал ету; аудандағы спорт мекемелерінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмыстарын үйлестіріп жүргізуге басшылық жасау; спорттық жарыстардың, спорт шараларын жоспарын әзірлейді, дайындап өткізу; жарыстарды өткізу үшін оның ережелері мен қағидаларын дайындап өткізеді, әдістемелік – методикалық нұсқау беру; бөлімнің ақпараттық талдау материалдарын әзірлейді, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым –қатынаста болуды қадағалау; облыстық басқарма, аудан білім бөлімі, дене шынықтыру коллективтерімен біріге отырып спорт шараларын жүргізудегі жұмыс жасау; аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара жұмыс істеуін қамтамасыз ету; бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және әкімдіктің актілерінің жобаларын жасау; Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің және Үкіметінің қаулыларын, ШҚО әкімі мен әкімдігін, Аягөз ауданы әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.