«Жарма ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    1. Мәдениет мекемелерінде басшылықты жүзеге асыру, бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастыру;
    2. Мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету, олардың іс-әрекетіне бақылау жасау;
    3. Мекемелер мен ұйымдар жұмыстары практикасына жұмыс нысындары мен әдістерін енгізу;
    4. Мәдениет пен тілдерді дамытудың мемлекеттік, облыстық, аудандық жоспарларының негізгі бағыттарын құру;
    5. Халықаралық және республикалық, облыстық шараларға мәдени делегациялардың қатысуын қамтамасыз етеді;
    6. Мәдениет қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттыру ұйымдастырады;
    7. Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қаржылық жұмыстарына басшылық етеді;
    8. Ауданның жергілікті атқарушы органдарында «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарының, тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын үйлестіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
    9. «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен аналитикалық материалдарды даярлауды қамтамасыз етеді;
    10. Мекемелермен, ұйымдармен мемлекеттік тілді енгізу жөнінде өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;
    11. Аудандық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауданның ономастикалық ісіне талдау жүргізеді;
    12. Мәдениет пен тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне бағытталған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асырады;
    13. Мәдениет пен тіларалық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатының мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
    14. Аудандағы тілдік ахуалдың мониторингін жүргізеді;
    15. Тілдік ортаны жасау, сондай-ақ мәдениет пен тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
    16. Орыс, ағылшын және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі;
    17. Мемлекеттік, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың тіл мен мәдениет заңнамаларын сақтау мәселесі бойынша іс-әрекеттерін үйлестіреді және бақылайды, олардың бұзылу фактілерін қарайды және шара қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді.