«Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Бөлімінің негізгі міндеттері мен қызыметі
Ауданда туризмді, дене шынықтыруды және спортты дамыту, спорт резервін және жоғары деңгейлі спортшыларды дайындау;
Спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
Ауданда спорт ұйымдары үшін мамандар дайындауды ұйымдастыру және реттеу, олардың іскерлік біліктілігін арттыру, сондай-ақ мамандарды ұтымды пайдалану, спорттық қозғалысты насихаттау;
Ауданымызда мәдениетті нығайту
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын жүзеге асыру.
Мемлекет жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Бөлімнің қызметтері:
- Туризм, дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады:
- аудан деңгейінде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізеді;
- спорттың әр түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
- аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерін дамытады;
- аудан аумағында спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
- спорттық разрядтар және санаттар береді: екінші және үшінші, бірінші бозбалалық, біліктілігі екінші санаттағы жоғары және орта деңгейдегі жаттықтырушы, біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортсмен, біліктілігі екінші санаттағы жоғары және орта деңгейдегі әдіскер, спорт бойынша төреші;
- аудандық спорттық-бұқаралық іс шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады;
- аудан аумағында спорттық іс шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
- аудан бойынша туризм, дене шынықтыруды және спортты дамыту бойынша мәліметтерді талдайды және облыстық атқарушы органға тапсырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіндегі басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- ұлттық саясат саласында тәжірбиелік шараларды жасау және іске асыру.
- ауданда тұратын халықтың мәдениетін, салт дәстүрін, мемлекеттік және ұлттар тілдерін дамыту.
- аудандағы мемлекеттік тіл жағдайын кешенді сараптау
- барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі Қазақстан Республикасының «ҚР Тілдер туралы» Заңының орындалуын бақылау.
- діни бірлестіктермен байланыс, ондағы болып жатқан процестерді зерттеу және сараптау.
- халық арасында мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері туралы әлеуметтік сауалнама жүргізу.
- Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша аудан әкімінің шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігі қаулысының жобаларын дайындау
- Бақылауда тұрған құжаттардың және дайындалған мәліметтер мен жауаптардың уақытында және сапалы орындалуын қадағалау
- Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша аудандық шаралар, семинарлар өткізу және ұйымдастыру
- Бөлімге түскен өтініш, арыз, хаттарды қарау
Бөлімнің құқықтары
Аудандық бөлімнің өзіне жүктелген негізгі мақсаты мен қызметін жүзеге асыруда, заңдастырылған тәртіпке сәйкес құқығы :
Мемлекеттік және мемлекеттік органдарда бөлім жұмысына қажет құжаттарды сұратып алу.
Мәдениет және тілдерді дамыту туралы сұрақтарды халыққа түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану.
Басқа да заңдастырылған өкілеттілікті жүзеге асыру.