"Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ
Жалпы ақпарат
Міндеттері:
- қаланың коммуналдық меншігін басқару;
- Уәкілетті органмен анықталатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету.
Функциялары:
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік сатып алулар бойынша жиынтық есепті құрастыру саласындағы жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
- коммуналдық мүлік тізілімін жүргізу, қаланың коммуналдық мүлкін пайдалануға мониторингті жүзеге асыру;
- қаланың коммуналдық мүлкінің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
- қаланың коммуналдық мүлік объектілерін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде ұсыну, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін кепілдікке және өтеусіз пайдалануға беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын жүргізу;
- қаланың коммуналдық мүлкін (тұрғын емес мақсатта) жалға алушылар шегінде жалгерлік ақыны (айыппұлдар) есептеуді және қала бюджетіне жалгерлік төлемдердің уақтылы және толық түсуіне бақылауды жүзеге асырады;
- жекелеген негіздер бойынша қаланың коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) қаланың мүлкін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
- сенімгерлік басқарушының қаланың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;
- қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісінің бағалауын қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сату-сатып алу шарттарын дайындау мен жасасуды және сату-сатып алу шарттарының талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.