«Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі»ММ

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

    1.Бөлім қызметінің негізгі мақсаты болып табылады
    - дене шынықтыру және спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
    -халық арасында денсаулықты нығайтуға және жан-жақты дене бітімін дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізу;
    - салауатты өмір салты саласында экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу;
    2.Бөлім осы саладағы мемлекеттік саясат қағидаттары негізінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға жағдай жасайды.

    Бөлімнің негізгі функцияларына::

    1) дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
    2) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық және республикалық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
    3) спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру;
    4) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
    5) Өз құзыреті шегінде жаттықтырушылар-оқытушылар құрамына, спорт төрешілеріне спорттық разрядтар, санаттар беруге;;
    6) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде аудандық спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;
    7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
    8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
    9) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға әкімшілік-аумақтық бірліктің дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдайды және ұсынады;
    10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.