«Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Жалпы ақпарат
    1. ауданда дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамыту, спорт резервін дайындау үшін жағдай жасау.
    2. жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;
    3. бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
    4. аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
    5. спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
    6. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
    7. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
    8. балалар-жасөспірімдер дене дайындығы, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
    9. спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы, спорттық разрядтар береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады.
    10. біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі, біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
    11. спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
    12. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
    13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
    14. аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
    15. заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
    16. ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
    17. дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
    18. спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
    19. аудандық және қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
    20. халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
    21. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
    22. дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
    23. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.