"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

    Жалпы ақпарат

    Мақсаттары:

    1)Қостанай қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    2)бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;

    2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша қалалық спорт жарыстарын ұйымдастыру;

    3) Қостанай қаласының аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

    4) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды спорттық разрядтардан айыру;

    5)біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарын айыру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы екінші санатты, спорт төрешісі;

    6) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстарына сәйкес спорт түрлері бойынша құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

    7) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    8) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады;

    9) дене шынықтыру мен спортты насихаттау, денсаулықты сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін, сондай-ақ спорттың гуманистік идеалдары мен құндылықтарын арттыру.

    9-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;

    9-2) халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;

    9-3) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекіту;

    9-4) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

    9-5) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету.».