Жарқайың ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
1) тиісті аумақта бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру;;
2) Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын экономикалық талдау, макроэкономикалық болжау және реттеу;
4) Стратегиялық жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жетілдіру,
орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау;
5) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін бақылауды жүзеге асыру;
7) мемлекеттік органдар , мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру;
8) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын есептер негізінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалау жүргізу;;
9) мемлекеттік коммуналдық объектілерді реформалау жөніндегі қызметті үйлестіру;
10) мемлекеттік коммуналдық меншік активтерінің қозғалысын реттеу және есепке алу;
11) коммуналдық меншік және жекешелендіру объектілерін басқарудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.